Ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотымен   Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  434-бабының 2-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  Ш.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы Ш. арақ ішкен мас күйінде  2017 жылдың 22 сәуірінде сағат 16.05-те Қобда ауылында аудандық орталық ауруханасының ғимаратының ішінде, еш себепсіз, көпшілік адамдардың көзінше, былапыт сөздер айтып,  төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған, яғни өзінің іс әрекетімен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің  434-бабының 2-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот құқық бұзушы Ш.-ны Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің  434-бабының 2-бөлігімен 10  тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі