Тараптар медиативтік келісімге қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында К. «Э» ЖШС-не бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта орналастыру туралы ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтардың еңбек ақысының уақытылы төлену конституциялық құқығын қорғау мемлекеттік саясаттың бір приоритеттік жолдамасы болып табылады.

Талап қоюшы К.  жауапкер «Э» ЖШС саласында 05.09.2007 жылдан бастап Ақтөбе қалалық электржүйесі басқармасында қызмет жасап келеді.

2016 жылдың 23 қарашасы №1449 бұйрығына сәйкес жұмыс беруші тарапынан ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы 18-тармақшасына сәйкес жұмыс бершіге материалдық нұқсан келтіруге әкеп соққан, жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшісі  басшысының еңбек міндеттерін бұзғаны үшін  жұмыстан босатылған.

Сот отырысы барысында тараптар сот медиациясын өткізу туралы өтінішхат ұсынды.

Іс өндіріспен тоқтатылған жоқ,  тараптардың өтінішхаты бойынша медиация өндірісіндегі судьямен өткізілді.

Дау реттеліп,  тараптар медиативтік келісімге қол қойды.

Сот отырысында тараптар медиативтік келісімнің  шарттарын толық қолдады, келісімді бекітуді және істі өндіріспен тоқтатуды сұрады. 

Медиация өткізу нәтижесінде тараптар келесі шешімге  келді: талап қоюшы  №1149 23.11.2016 жылғы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген уақыты үшін еңбек ақыын өндіру, 150 000 теңге өкілдің көмегі үшін сот шығындарын өндірутуралы талап қоюдан толық көлемде бас тартады. Жауапкер медиативтік келісім  негізінде, тараптардың келісімімен еңбек келісімді ҚР Еңбек Кодексінің 49-бабының 1- тармақшасымен және К. арызы негізінде еңбек шартын  бұзу туралы еңбек кітапшасына жазуды енгізіп, р/у разряды бойынша электромонтер қызметіне қабылдайды. Міндеттті орындау мерзімі-1 апта-2017 жылдың 21 ақпанға дейін.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі