Архив событий

24/02/2017

Ақтөбе облысының Жас судьялар кеңесі «Қазақстан Республикасының жаңа Судьялық әдеп кодексінің нормаларын талқылау»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

24/02/2017

Ақтөбе облысының Жас судьялар кеңесінің ісшараларды өткізу бойынша сатылы жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе облысының Жас судьялар кеңесінің төрағасы Е.Құрмановтың ұйымдастыруымен, Ақтөбе қалалық сотының, Ақтөбе қаласының №2 және Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарының жас судьяларының қатысуымен «Қазақстан Республикасының жаңа Судьялық әдеп кодексінің нормаларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.        

Елбасы Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

24/02/2017

Мұғалжар  аудандық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы өткізілді.

Шараға  аудандық сотының судьялары Ж.М.Сейтжапаров, А.Е.Мусина, Н.Е.Кендирбаева,  «НұрОтан» Халықтық демократиялық Партиясының төрағасы Қ.Аймағамбетов және «ҚР ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің Мұғалжар аудандық филиалы» төрағасы Ж.Избасаров, Ақтөбе облысы МКҚБ ММ 1-ші ПБ-ның командирі С.Имангазин  қатысты.

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

24/02/2017

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша аз. А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қаруды заңсыз сақтау

24/02/2017

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) М. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қызметтік іздестіру итімен анықталды

24/02/2017

Мәртөк ауданы Ақтөбе облысындағы шекаралық аудандарының бірі, осыған байланысты сот мемлекеттік шекараны заңсыз өту  және контрабанда туралы қылмыстық және әкімшілік  істерді жиі  қарайды.

Халықпен кездесу өткізілді

24/02/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.С.Ажигалиева «Қалалық оқушылар сарайы» МЕҰ оқытушыларымен және оқушыларымен «Негізгі бес басымдылық – Қазақстан мемлекеттілігін нығайту жолы» тақырыбында кездесу өткізді. 

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

24/02/2017

Қобда аудандық соты   Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) айыпталған Ақтөбе облысының тумасы, Т-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Жеке қабылдау өтті

24/02/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасы жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша, күн сайын азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Тараптар медиативтік келісімге келді

24/02/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖК «Б»  «К» ЖШС-нан  2 142 500 (екі миллион бір жүз қырық екі мың бес жүз) теңге мөлшерінде қарыз сомасын және өсімақы өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сотпен, ЖК «Б»  мен  «К» ЖШС-нің арасында 02.01.2016 жылы арнаулы жабдықты жалға беру туралы №№010-АТ келісімшартының жасалғандығы, яғни талапкер өз міндеттерін толық орындағаны,  ал жауапкердің  жалға алған арнаулы жабдықты қолданғаны үшін шартта көрсетілген соманы төлемегендігі анықталды.

«Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24/02/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Зияткерлік меншік  объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

 Аталған шараға судьялар, Ақтөбе қалалық прокуратурасының өкілі А.Досмурзаева, Ақтөбе қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің, оған қарасты Сазды, Заречный, Елек, Зауыт полиция бөлімдеріндегі басшылары Н.Ж.Алдамжаров, О.А.Абдиғали, Ы.А.Ермаганбетов, Е.Б.Малаев, Н.А.Бекмуратов, сонымен қатар,  Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі З.Т.Құрманғазина қатысты.

Алға аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

24/02/2017

Халық пен соттың арасын жақындату, сот жүйесінің ашықтығын, мөлдірлігін, жариялылығын, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және соттың жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында Алға аудандық сотында «Ашық есік күндері»,  сот төрағасымен азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде болып тұрады.

Сот мамандарымен семинар-тренинг өтті

24/02/2017

Мұғалжар  ауданының №2 аудандық сотының  кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева  келе жатқан мемлекеттік қызметшілерінің аттестациясы қарсаңында сот қызметкерлерімен  Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 25 қараша күнгі №416-V санды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талабына сәйкес өткізілетін аттестаттауға қатысты сот мамандарымен семинар-тренинг өткізді.

Семинар сабағы өткізілді

24/02/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот мамандары арасында семинар сабағы өткізілді.

Мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбын талқылау.

Тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/02/2017

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  482 -бабының  1- бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) азамат М.-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Халықпен кездесу өткізілді

24/02/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.К.Мулдагалиев «Самгал» мектеп - бала бақшасы оқытушыларымен «Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы», «Жемқорлық-қоғамға төніп тұрған қауіптілік» «Сот кабинеті» сервисі және «Ақтөбе облысының Соттар әкімшісінің Call-center орталығы» тақырыбында кездесу өткізілді.

Сотқа құрметтемеушілік білдірген

24/02/2017

Ойыл аудандық сотында Е.-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (сотты құрметтемеушілік) әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат Е. сот өндірісіндегі өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша құқық бұзушы бола тұра, істің қаралатын уақытында сотқа алкогольдік масаң күйінде келіп,  сыйламаушылық білдірген.

«Қыз - елдің көркі» атты акция өтті

24/02/2017

Мұғалжар аудандық соты аудандық  ішкі істер бөлімімен бірігіп  «Қыз - елдің көркі» атты  тақырыпта  мектеп аралық сайыс  ұйымдастырылды. Сайысқа әділқазы алқасының мүшесі ретінде  аудандық сотының жетекші маманы А.Сатканбаева және «Жастар ресурсы»  КММ-нің өкілі  Н.Насырова, аудандық орталық аурухана бөлімінің психологы Мукашева А, ішкі істер бөлімінің әйелдерді  зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы Г.Дангулова, «Мұғалжар» газетінің өкілі Д.Ерболат  қатысты.

Дау медиация тәртібінде аяқталды

24/02/2017

Мұғалжар аудандық   сотында алимент өндіруді тоқтату туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес,  талап қоюшы А. сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер С-ның пайдасына 05.10.2016 жылғы сот бұйрығымен А-ны күтіп бағу үшін ¼ мөлшерде алимент өндірілген. 27.12.2016 жылғы шешіміне сәйкес, туу туралы куәлікте әкесінің есімі  «А» деген актінің күшін жою туралы шешімге   шағым немесе наразылық түспей, заңды күшіне енді.  Талап қоюшы А. алимент өндіруді тоқтатуды сұрады.

Медиативтік келісім бекітілді

24/02/2017

Мәртөк аудандық соты бережақ соманы өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Талапкер аз.А жауапкер аз.Х-ға 74 100 теңге бережақ сома, 741 мемлекеттік баж соманы өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді, яғни жауапкер одан 2016 жылы автокөлік қосалқы бұйымдарды қарызға алды, қарызды  2016 жылы желтоқсан айына дейін төлеуге уәде берді, бірақ осы уақытқа дейін ол қарыз соманы талапкерге қайтармады.

Жаңадан тағайындалған төраға таныстырылады

24/02/2017

24 ақпан 2017 жылы сағат 11-00-де Хромтау аудандық әкімшілігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 20.02.2017 жылғы №426 Жарлығымен Ақтөбе қалалық №2 сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Хромтау аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған Айсұлтан Жабайұлы Балмұханов таныстырылады.