Архив событий

27/02/2017

Шалқар аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

27/02/2017

Шалқар аудандық сотында азаматтарға құқықтық көмек көрсету, соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы О.Бақтыгереевтың қабылдауына, Шалқар қаласының тұрғыны Ж.Ш. алимент өндіріп алу туралы, сонымен қатар "Сот кабинеті" сервисі арқылы арыз беру тәртібі жөнінде толғандырған мәселелердің шешімін табу мақсатында сұрақтарымен жүгінді.

Кездесудің қорытындысы бойынша азаматша Ж.Ш.-ға  заң талаптарына сәйкес түсіндіру берілді.  

Судья оқушылармен кездесу өткізді

27/02/2017

Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.Нуршарыпов Мәртөк ауылының №2 орта мектебінде оқушылар арасында  түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесуде 9-11 сынып оқушылары, мұғалімдер қатысты.