Архив событий

20/02/2017

Жеке қабылдау өткізілді

20/02/2017

Мәртөк аудандық сотта азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасы жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша, әр дүйсенбі күні сағат  10ºº-16ºº -ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Әкімшілік іс қаралды

20/02/2017

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 -бабының 1 -бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) негізінде әкімшілік іс қаралды.

Лауазымды тұлғаның қаулысы бұзылды

20/02/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат М-ның әкімшілік әкімшілік жаза қолдану туралы полиция қызметкерінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысына берген шағымы қаралды.

Ақтөбе облыстық сотында жалпы отырыс өтті

20/02/2017

Ақтөбе облыстық сотының сотының төрағасы Мұратғали Әкетай судьялардың жалпы отырысын өткізіп, онда жас судьялардың бір жылдық кәсіби жұмыстарына қатысты сұрақтар талқыланды.

Студенттермен кездесу

20/02/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ гуманитарлық-заң колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша    2 курс студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Судья А.Молдағалиев «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Байғанин аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

20/02/2017

Байғанин аудандық сотында сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, орта мектептің директоры Т. өзінің орынбасары Ж.-дан 40 000 теңге ақшаны пара ретінде қызметтік кабинетінде алған жерінен Мұғалжар аймағы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының қызметкерлеріне ұсталған.

Лауазымды тұлғаға қатысты жеке қаулы шығарылды

20/02/2017

13.12.2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылады.

Есірткі затты өткізу мақсатынсыз сақтаған үшін сотталды

20/02/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлімімен (есірткі заттарын өткізу  мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдау)  азамат Т.-ға  қатысты қылмыстық ісі қаралды.