Архив событий

17/02/2017

Медиацияның арқасында тағы бір отбасы сақталып қалды

17/02/2017

Қобда аудандық сотында талапкер В.-ның жауапкер В.-ға берген некені бұзу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өзінің  арызында талапкер В. жауапкер В.-мен 2008 жылдың 6 маусым күні  заңды некеге тұрғандығын, осы некеден кәмелетке толмаған үш балалары бар екендігін, өзара түсіністік болмау себебіне байланысты жауапкермен бірлескен өмірі келіспегендіктен  некені бұзу жөнінде талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Подвергнута к административному взысканию законный представитель несовершеннолетнего

17/02/2017

Алға аудандық сотында аз. М-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс қаралды

17/02/2017

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Қодексінің 440-бабы 4-бөлігімен (Бір жыл ішінде үш рет қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдік ішкен немесе масаң күйде келу) М.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, М.Т. бұрын қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылған адам бола тұра, қайталап қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды

17/02/2017

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру)жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Шалқар ауданы ауылдық округінің әкіміне қатысты әкімшілік іс қаралды

17/02/2017

Шалқар  аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)  Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінің  әкімі азамат У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тараптар дауды медиация келісіммен реттеді

17/02/2017

Қобда аудандық соты  талап қоюшы Ж-ның жауапкер Р-ға берген қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісін  қарады.

Талап қоюшы Ж. жауапкер Р.-дан осы күнге дейін  бермей жүрген 2016 жылдың сәуір айының 12 күнгі қол хатқа сай барлығы 18070 теңге берешек ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

17/02/2017

Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша  (ұсақ бұзақылық) З.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, З. 2017 жылғы 27 қаңтарда Қарғалы ауданы Бадамша кенті Конаев көшесіндегі «Б» мекемесінің жанында темекі шегіп болған соң темекінің қалдығын жерге тастап, қоғамдық және ортақ пайдалану орындарды ластаған.

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

17/02/2017

Алға аудандық сотымен талапкер А-ың жауапкер К-ға қарызды өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа берген талап арызында жауапкерден 200 000 теңге көлемінде қарызды, 32 756 тенге көлемінде айыпақыны, 2 238 теңге көлемінде мемлекеттік бажды өндіруді сұраған.                                                            

Мүлікке қатысты дау медиация тәртібімен шешілді

17/02/2017

Алға аудандық сотында талапкер Б-ың жауапкер Б-ға ортақ мүлікті бөлу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа берген талап арызында ортақ мүлік пәтерді бөліп одан 3 000 000 теңге талапкерге төлеп, гаражды екеуіне жартылай бөлуді сұраған.                                                            

Уақытылы тіркелмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген

17/02/2017

Қобда аудандық сотының жетекші маманы А.Г.Измухамбетова  «Уақытылы тіркелмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген» атты тақырыпқа Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындардың қатысуымен  кездесу өткізді.

Сот бұзақыны әкімшілік қамауға алды

17/02/2017

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша Б.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, Б.С. азаматша З.Ж.-ға былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіріп, яғни қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Заңсыз суық қаруды алып жүрді

17/02/2017

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 1-бөлімі бойынша (суық қаруды алып жүру аңшылық кәсіпшілікке байланысты болған жағдайды қоспағанда, суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, сол сияқты тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақты және оған оқ-дәрілерді сауда ұйымдары жұмыскерлерiнiң сатуы ) қылмыстық іс қаралды

«Ашық есік» күні өткізілді

17/02/2017

Ырғыз аудандық сотында бекітілген жоспарға сәйкес, 2017 жылдың 15 ақпанында «Ашық есік» күні өткізілді.

Аудандық сотта  әр айдың үшінші сәрсенбісінде «Ашық есік күні» сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру болып табылады және халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігін жұртшылыққа қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

17/02/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында  «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы А.Ж.Балмұқанов,  судьялар,  қала прокуроры, қалалық ішкі істер басқармасының орынбасарлары, қорғаушылар, Ақтөбе қаласындағы  «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігінің және Ақтөбе қаласындағы әйелдерді қолдау орталығының өкілдері қатысты.

«Шарттық қатынастардан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарау мәселелері» тақырыбында брифинг өтті

17/02/2017

Мұғалжар аудандық сотында «Шарттық қатынастардан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудағы өзекті мәселелер» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке аудандық соттың судьясы Ж.М.Сейтжапаров және «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі Д.Ерболат қатысты.

Әкімшілік іс медиация келісіміне сай өндірістен қысқартылды

17/02/2017

Қобда аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен  (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік жауапқа тартылған 1985 жылы Алматы облысында туылған азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, азамат С. 2016 жылдың 19 қарашасында сағат 00.15 шамасында,   өзінің үйінде жұбайы  С.-ға айқай шығарып, балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасаған.