Архив событий

16/02/2017

Дау медиация тәртібімен реттелді

16/02/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы К. жауапкер ЖШС-нің  директоры К. еңбек ақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар сот медиациясын жүргізу туралы өтінішімен арызданды.

Сотқа ұсынылған медиация тәртібіне сай, жауапкер ЖШС-нің  директоры К. талап арызды толық мойындап, 2017 жылдың 17 ақпанына дейін талап қоюшы К.-ның пайдасына 37 651 тенге еңбек ақысын төлеуді өз міндетіне алады.

Сот бітімгершілік келісімді бекітті

16/02/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Ж. жауапкер А., У.  талап қоюшы өкілі И., жауапкер А., У.   қатысуларымен азаматтық ісі қаралды.

Сотқа берген арызында, 07.12.2016 жылы Ақтөбе қаласында, Богенбай батыра көшесінде  болған  жол окиға салдарын автокөлік иесі талап қоюшы Ж-ға   шығын келтіргенін, жауапкер А., У.-ден шыққан шығын 229 254 теңге, көлік бағалау жасаған акті 5000 теңге, сот шығын 3929 теңге,  мемлекеттік төлем 2482 теңге өндіру сұраған.

Көліктегі әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар

16/02/2017

Соттың ашықтығын, қолжетімділігін, жариялылықты қамтамасыз ету, сот жүйесінің имиджін жоғарылату мақсатында Байғанин аудандық сотында: «Көліктегі әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген тақырыпта брифинг өтті. Оған Байғанин аудандық «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадір қатысты.

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

16/02/2017

Сот төрағасының міңдетін атқарушы С.Жумашкина  Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізді. Бұл шараға «ШСК» ЖШС-ін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы  жеке шағым беру жөнінде сұрақтарымен 1967 жылы туылған азамат Ж.Б., 1979 жылы туылған  азамат С.П. қатысты.

Сот төрағасының м.а. С.Жумашкина «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізілетін атап өтті.

Тараптар медиативтік келісімге қол қойды

16/02/2017

Ақтөбе қалалық сотында К. «Э» ЖШС-не бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта орналастыру туралы ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтардың еңбек ақысының уақытылы төлену конституциялық құқығын қорғау мемлекеттік саясаттың бір приоритеттік жолдамасы болып табылады.

Талап қоюшы К.  жауапкер «Э» ЖШС саласында 05.09.2007 жылдан бастап Ақтөбе қалалық электржүйесі басқармасында қызмет жасап келеді.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін аудан тұрғыны әкімшілік қамаққа алынды

16/02/2017

Қобда аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (сотты құрметтемеушілік)  азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 2017 жылдың 14 ақпан айында сағат  15.30 шамасында, Қобда аудандық сотының өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша тағайындалған сот отырысына сотталушы А. алкогольдік масаң күйде келіп, өзінің іс әрекетімен сотқа құрметтемеушілік білдірді.

Баланың тәрбиесіне байланысты дау медиация тәртібімен реттелді

16/02/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер Е.-ға кәмелетке толмаған баламен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиация тәртібі өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша:

Жалған мемлекеттік нөмір тағып автокөлік басқарғаны үшін жауапқа тартылды

16/02/2017

Шалқар аудандық  сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  590-бабының 4-бөлігімен азамат Б. қатысты әкімшілік іс қаралды (көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару).

Іс материалдарына сай, азамат Б.  Шалқар қаласы Жалмағанбетов көшесі бойында « Lada 21703 маркалы" көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар  автокөлікті  басқарған.

Сауда тәртібін бұзған

16/02/2017

Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) К.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, К. 2017 жылғы 10 қаңтарда Қарғалы ауданы Бадамша кентінде орналасқан «Б» азық-түлік дүкенінде сатушы болып, 21 жасқа толмаған азамат Н.-ға екі шыны «Кристалл» арағын сатқан.