Архив событий

21/02/2017

«Сотқа дейінгі дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді іске асыру, жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

21/02/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Сотқа дейінгі дауларды  (жанжалдарды) реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді іске асыру, жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға медиаторлар, ҮЕҰ өкілдері және сот қызметкерлері қатысты.

«Неке және отбасы» тақырыбында брифинг өтті

21/02/2017

Мұғалжар  аудандық сотында «Неке және отбасы» атты  тақырыбында брифинг  өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы Н.Е.Кендирбаева «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі Д.Ерболатқа  сұқбат берді.

Хромтау аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

21/02/2017

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында «Азаматтық процестік Кодекстің өзгерістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы м.а. Жумашкина С.Т., аудандық прокуратурасының прокуроры, кәсіби және кәсіби емес аудан медиаторлары қатысты.

Партисипативтік келісіммен іс аяқталды

21/02/2017

Талап қоюшы Қ. сотқа талап арыз жазып, онда  жауапкерлер О. және Т. жол көлік оқиғасынан  автокөлікке келген зиян  574 615 теңгені, сараптамаға жұмсалған 15 000 теңгені, мемлекеттік баж салығы үшін төлеген 5747 теңгені   өндіруді сұраған.

Сот мәжілісінде талап қоюшының өкілі-адвокат И. талап қоюшы мен жауапкерлер адвокаттары дауды реттеуге жәрдемдесу арқылы тараптар арасында келіссөз жүргізу арқылы татуластырғандықтарын, талап қоюшы талап арызынан бас тартатынын  айтып, сотқа партисипативтік келісімін ұсынып, бекітуді сұрады.

Шалқар аудандық сотында жедел кеңес өткізілді

21/02/2017

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 26 қаңтар 2016 жылғы №6001-17-4-4/16 өкімімен бекітілген  «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» ережесі бойынша жедел кеңес өткізілді.

Жедел кеңесте бас маман А.Болысбай қатысушыларды пилоттық жобамен таныстырып баяндама жасады.

Медиативтік келісімге келді

21/02/2017

Шалқар аудандық соты  Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің  293-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген А. жөніндегі қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс құжаттарына сай, А. 01.01.2017ж. сағат  20-шамасында  Карагулин көшесінің бойында  Ж.-ны кездестіріп,  оған еш себепсіз тиісіп, оны лас сөздермен балағаттап,  күш қолданып, қолының жұдырығымен бет тұсынан жәбірленушіні ұрған.

Пилоттық жобаны іске асыру

21/02/2017

Бүгін Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  судьясы А.М.Жүсіпов   «РИКА-ТВ» каналының «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында  Мемлекет басшысының республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын орындау мақсатында Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың ақпан айында медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейтудің кезекті қадамы болып табылатын жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша  ақпарат берді.

Судья семинарға қатысты

21/02/2017

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Е.Ж.Махметов практикалық тәжірибе алмасу үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінда өткізілген семинар-кеңеске қатысты.

Мемлекеттік органдарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

21/02/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Салық органдарымен мәмілені жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел «Ақтөбе облысының  мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-нің өкілдері М.С.Шертаев, А.Орынгалиева,  «Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің өкілдері Т.Н.Адилов, Д.Нұрғалиева,  прокурор А.Аязбаева  сот төрағасы Е.К.Қанапиев және сот судьяларының қатысуымен өтті.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

21/02/2017

Темір аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, Н. 2017 жылғы 10 ақпанда Темір ауданында №А «Атырау-Алматы» жолаушылар поезының №Г вагонында, қоғамдық орында, алкогольдік масаң күйінде, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, лас сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Тараптар дауды медиация келісімімен реттеді

21/02/2017

Қобда аудандық соты  талап қоюшы Ж-ның жауапкер Р-ға берген қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс  қарады.

Талап қоюшы Ж. жауапкер Р-дан осы күнге дейін  бермей жүрген 2016 жылдың сәуір айының 12 күнгі қол хатқа сай барлығы 18070 теңге берешек ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Талапкердің жауапкерге қойған қойған талаптары толық көлемде қанағаттандырылды

21/02/2017

Ақтөбе облысының мам андандырылған адунаралық экономикалық сотына  «К» АҚ  «О» ЖШС-нен, «А»  ЖШС-нен 1 054 127 872  тенге мөлшерінде қарыз өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Іс материаларынан «К» АҚ-мен  «О» ЖШС-нің арасында 26.05.2014 жылдан 07.11.2014 жылға дейін әр түрлі өтінімдер бойынша   кепіл беру туралы келісімдер бекітілгені анықталды.

Сонымен қатар, №18 келісім бойынша  280 000 000 №19 келісімі бойынша  260 000 000 теңге берілген.