Архив событий

13/02/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

13/02/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Заңды тұлғаның тіркеуін және  қайта тіркеуін бұзу негіздері мен тәртібі» тақырыбында дөңгелеек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге «Ақтөбе облысының  мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-нің өкілі  Ө.Е.Көбейсін, «Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің өкілі  А.Жұмабаев, прокурор З.Тулебаева сот төрағасы Е.К.Қанапиев және сот судьяларының қатысумыен өтті.

Сот отырыстарында үн-бейнежазба құрылғысын қолдану

13/02/2017

Мұғалжар аудандық сотында «Үн-бейнежазба құрылғыларын және бейнеконференцбайланысты қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова және сот отырысының хатшылары қатысты.

Азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша дауларды сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасын түсіндіру бойынша семинар өтті

13/02/2017

Қобда аудандық сотында «Азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша дауларды сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасын түсіндіру» тақырыбына судьялардың қатысуымен семинар өткізілді.

Аудандық сотта брифинг өтті

13/02/2017

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингтте аудандық соттың төрағасы А.А.Әбдіров Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Ашық есік күні

13/02/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік» күні ай сайын және азаматтарды қабылдау күні апта сайын дүйсенбі күні сағат 09.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі.