Архив событий

28/02/2017

Сот ата аналық құқығынан айырды

28/02/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында талапкер ММ-нің жауапкер азаматша  Е.-ғе қатысты  ата-аналық құқығынан айыру және алимент өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талапкердің өкілі талап-арызын толық қолдады. Жауапкер дайындық кезеңінде және алдын-ала сот отырысында талаптарды толық түрде мойындап, баланы үш жыл бұрын енесінің қолында тастап кеткенін айтты және қазіргі таңда балаға деген ешқандай аналық сезімінің жоқтығын көрсетті.

Пилоттық жоба бойынша кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді

28/02/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету,  медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту, жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру, яғни сотқа келуші заңды тұлғаларға аталған жоба бойынша ақпарат  беру   мақсатында  «Ашық есік күні» өткізілді.

Шалқар аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

28/02/2017

Шалқар аудандық сотында азаматтарға құқықтық көмек көрсету, соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы О.Бақтыгереевтың қабылдауына, Шалқар қаласының тұрғыны Ж.Ш. алимент өндіріп алу туралы, сонымен қатар "Сот кабинеті" сервисі арқылы арыз беру тәртібі жөнінде толғандырған мәселелердің шешімін табу мақсатында сұрақтарымен жүгінді.

Кездесудің қорытындысы бойынша азаматша Ж.Ш.-ға  заң талаптарына сәйкес түсіндіру берілді.