Архив событий

06/02/2017

Дау медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталды

06/02/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшылар Қ., А.-ның жауапкер «С.-Т» ЖШС  директоры С.-ке үй терезесін қайта салу, үйдің терезесінің жанындағы жақтауына жұмсалған 17 000 теңге шығынды, 50 000 теңге моральдық залалды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшылар  Қ., А. өз талап қою арызын жауапкер «С.-Т» ЖШС директоры С. келісімшарт шарттарын тиісті түрде орындамағанымен, яғни талапкерлер үйіндегі терезені сапасыз құрғанын, үйдің терезесінің жанындағы жақтауын бастапқы қалпына келтірмегенімен уәждеді. 

Мұғалжар аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

06/02/2017

Мұғалжар аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта  ic қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында  кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова және сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы  өткізілді.

Ойыл аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

06/02/2017

Ойыл аудандық сотында Ойыл аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторларының, аудандық кірістер басқармасының бастығы Б.Майлановтың, аудандық әділет басқармасының бастығы С.Маханованың қатысуларымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру тәртібі туралы» дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

06/02/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Үкімді орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы А.Ж.Балмұханов,  судьялар,  қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, мемлекеттік сот орындаушылары және жеке сот орындаушылары қатысты.

Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

06/02/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы Н.Т.Сұлтанов, судьялар А.К.Молдағалиев, Г.С.Ажигалиева,  Ақтөбе облысының прокурорының көмекшісі – Ж.К.Шадин, Ақтөбе қалалық прокуратурасының аға бөлім прокуроры - Н.Б.Сандыбай, Ақтөбе облысы ІІД-нің Тергеу басқармасының бөлім бастығы – С.С.Аисов, Ақтөбе қалалық ІІБ-сы бастығының орынбасары –А.Ж.Калиев қатысты.

Заңсыз құрылыс жұмыстары

06/02/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жеке кәсіпкер А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.