Архив событий

09/02/2017

Азаматтық іс бойынша дау медияциялық келісім арқылы шешілді

09/02/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына   талап қоюшы «Т» АҚ   жауапкер жеке кәсіпкер «Ж» жалпы үй аумағын бастапқы жағдайдағы қалыпқа келтіруге міндеттеу туралы талап арызымен жүгінді.

2017 жылғы 8 ақпандағы сот ұйғарымы бойынша тараптардың арасында медиациялық келісіміне қол қойылып, жауапкер жалпы үйдің ішкі пәтерлік жүйеге байланысты  бастапқы жағдайдағы қалпына келтіруге міндеттелді.

Міндеттемелерін дұрыс іске асырған жағдайда талапкер жауапкерге қарсылығын білдірмейді.

«Сот шешімін орындау» атты дөңгелек үстел

09/02/2017

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында «Сот шешімін орындау» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Хромтау аудандық сотының судьясы С.Ж.Аликулов, аудан прокуратурасының прокуроры А.Тамабаев, ЖПҚ бастығы Е.З.Алимагамбетов, жеке сот орындаушысы  А.З.Молдагулова, Хромтау аудандық Әділет басқармасы бастығының м.а. З.Даутова және Әкімшілік тәжірибелік инспекторлары  А.С.Утегенов пен А.Баймагамбетов қатысты.

Билік өкiлiн қорлағаны үшін жаза

09/02/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 378-бабының  1-бөлімімен /билік өкiлiн қорлау/,            379-бабының 1-бөлімімен /билік өкілінің заңды талабына бағынбау/ айыпталған аз.Т.-ға  қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот талап қоюшының құқығын қорғады

09/02/2017

«Д» ЖШС «П» ЖШС-нің Қазақстандық филиалынан орындау актісін жарамды деп тану,  25 443 725   тенге мөлшерінде қарыз сомасын,  1 801 973  теңге мөлшерінде айыппұлды өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сотта «П» ЖШС-нің Қазақстандық филиалы мен қосалқы мердігері «Д» ЖШС-нің арасында   2012 жылы 25 қыркүйекте Ақтөбе облысының  Жаңажол селосында көмек жұмыстарын жүргізу жөнінде №Tj-002-D қосалқы мердігерлік шарты жасалғаны анықталды.

Медиация талаптарды және дауларды шешудің баламалы әдістерінің бірі

09/02/2017

Мәртөк аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Медиация тәртібімен қылмыстық іс қысқартылды

09/02/2017

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 188-бабының  1-бөлігі бойынша  (ұрлық) азаматтар Б. мен М-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық істің құжаттарына сай, Әйтеке би ауданы Талдысай ауылының азаматтары Б. мен М. бөтен мүлікті жасырын жымқыру мақсатында «Щ» ЖШС-ның ауласына кіріп,  аула ішінен «Щ» ЖШС-ның құны  50 000 теңге тұратын электродвигателін ұрлап,  «Щ» ЖШС-не  50 000 теңгеге мүліктік залал келтірген.

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл

09/02/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 238-бабының 1-бөлімімен (жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы) азаматша Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Гендерлік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел

09/02/2017

Ырғыз аудандық сотында «Гендерлік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы А.Бисенғали, аудандық прокуратурасының прокуроры С.Байдильдин, аудан әкімдігінің өкілі Ә.Сарин, аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының басшысы Г.Шамиева, «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ырғыз аудандық филиалының төрағасы Ә.Қарпық және  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ырғыз аудандық филиалының төрағасы А.Бисенбай қатысты.