Архив событий

22/02/2017

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жазаланды

22/02/2017

ҚР ӘҚБтК-нің 9-бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

«Дауды сотқа дейінгі реттеуді және татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел

22/02/2017

Ырғыз аудандық сотында мемлекеттік мекемелердің, ҮЕҰ филиалдарының өкілдерінің қатысуымен «Дауды сотқа дейінгі реттеуді және татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот бұзақыны әкімшілік қамауға алды

22/02/2017

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша А.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, А.А. алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде 15.02.2017 ж. сағат 15.30-дар шамасында азамат Е.К.-ға былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіріп, яғни қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Медиация талаптарды және дауларды шешудің баламалы әдістерінің бірі

22/02/2017

Қарғалы аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.  Іс шарасына сот төрағасы Н.О.Аманкулова,  Қарғалы аудандық прокурордың аға көмекшісі Н.Ильясов,  Қарғалы ауылы бойынша кәсіпқой емес медиатор М.Шалов,  қорғаушы Б.Тастемиров, Қарғалы ауданы бойынша әділет басқармасының басшысы А.Мұхамбеталин, Қарғалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Б.Е.Исмагулов, кеңсе ме

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

22/02/2017

Ойыл аудандық сотында азамат Ө. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қарады.

Қоғамдық орындарға мас күйінде келу үшін 5 тәулікке қамауға алынды және ерекше тараптар тағайындалды

22/02/2017

Ойыл аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабы 4-бөлігі бойынша (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) аудан тұрғыны азамат Ө. кінәлі деп танылған.

Заңсыз сақталған қару тәркіленді

22/02/2017

Байғанин аудандық сотында қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша Қ.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, 2017 жылғы қаңтарда Көкбұлақ ауылының тұрғыны құқық бұзушы Қ.Т. ішкі істер органдарында тіркелмеген 16 калибрлі, тегіс ұңғылы, дара ауызды аңшы мылтығын заңсыз сақтағандығы үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Әйтеке би аудандық сотында семинар өтті

22/02/2017

Әйтеке би аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының  төрағасы А.Әбдіров,   судья М.Мұхамбетқалиев, кәсіби емес медиаторлар К.Ниязов және К.Баязитұлы, БАҚ өкілі Е.Әбдіраев қатысты.

Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты

22/02/2017

Нұр Отан ғимаратында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру барысында ұйымдастырылған кезекті  бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік емес ұйымдардың кадр қызметінің мамандары қатысты.

«Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пилоттық жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел

22/02/2017

Темір аудандық сотында «Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пилоттық жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

«Даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаны жүзеге асыру» тақырыбы семинар өтті

22/02/2017

Алға аудандық соты  «Даулардың жекелеген санаттары бойынша   медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу  туралы пилоттық жобаны жүзеге асыру»  тақырыбы бойынша семинар өткізді.

Семинарға судьялар мен кеңсе мамандары қатысты.

Әйтеке би аудандық сотында медиативтік келісімді бекітілді

22/02/2017

Талап қоюшы Б. жауапкер Ш.-ға 11 000 теңге берешек және 110 теңге мемлекеттік баж өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді, яғни жауапкер одан 2016 жылдың наурыз айына дейін қарызға 11 000 теңге ақша алды, бірақ осы уақытқа дейін аталмыш ақшаны төлемей, алған міндеттемелерді орындамаған.

Сот отырысына дайындық кезінде сот тараптары медиация әдісін қолдану туралы азаматтық іс өндіріс жүргізген судьяға ұсыныс жасады.

Әкімшілік қамаққа алынды

22/02/2017

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Қодексінің 440-бабы 4-бөлігімен (бір жыл ішінде үш рет қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдік ішкен немесе масаң күйде келу) С.Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, С.Ш. бұрын қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылған адам бола тұра, қайталап 26.01.2017 ж. сағат 22.30-дар шамасында қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.