Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр Отан ғимаратында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру барысында ұйымдастырылған кезекті  бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік емес ұйымдардың кадр қызметінің мамандары қатысты.

Жәрмеңке барысында персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) басшысы Тұрсын Қошаева жұмысқа орналасқысы келетін азаматтарға тестілеуден өту, мемлекеттік тілді білуге арналған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, конкурсқа қатысу үшін бос және уақытша бос лауазымдары, сондай-ақ жалпы конкурсқа өту тәртібі бойынша түсіндірме берді.

Өткізілген іс-шара бойы мемлекеттік қызметке тұруға ниет білдірушілер өздерінің байланыс деректері мен түйіндемелерін қалдырды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі