Архив событий

10/02/2017

«Әйелге қарсы зорлық зомбылық жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

10/02/2017

Ойыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева Ойыл аудандық мәдениет және демалыс орталығында Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясатты насихаттау мақсатында «Әйелге қарсы зорлық зомбылықты жою» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел кеңесіне қатысты.

Іс-шараға Ойыл ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Ақ аже» қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Әкімшілік жауаптылыққа тартылды

10/02/2017

Алға аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 517-бабының 2 бөлімімен шетел азаматы Р.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

10/02/2017

Мұғалжар аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова және  сот қызметкерлері  қатысты.

Кеңсе менгерушісі А.Т.Иманбекова   мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Ашық есік күні

10/02/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында Б. мен К. тумалар арасында бала асырап алу және ата-аналық құқығынан айыру туралы сұрақтарымен жүгінді.

Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

10/02/2017

Қобда аудандық сотында ҮЕМ мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасы А.Т.Анарбаев Елбасының республика судьяларының VII съезінде судьялар қауымдастығының алдына қойған міндеттер туралы баяндады. Ол сөзінде съез делегаттары Судьялар әдебінің жаңа кодексін талқылап, бірауыздан қабылданғанын атап өтті. Жаңа кодексте  судьялардың кәсіби қызметтегі, қоғамдағы, жанұядағы және тұрмыстағы мінез-құлқының әдептік негізін реттемелейтін нормалар мен қағидалар қайта қаралды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жазадан босатылды

10/02/2017

Байғанин аудандық сотында аудандық пробация қызметінің сотталған Д.Т.-ға қатысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес жазадан босату туралы ұсынысы қаралды.

Азаматтық іс бітімгершілік келісіммен қысқартылды

10/02/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралықэкономикалық сотына «Т» АҚ-ғы жауапкер «Ж» жеке кәсіпкерін тік керуді орындауға міндеттеу туралы талап арызымен жүгінді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен бітімгершілік келісімі бекітіліп төмендегідей келісімге келген:

Жеке кәсіпкер «Ж» 25 мм диаметр тік керуді    2017 жылдың 14 ақпанына дейін жүргізуге міндеттелді.

Суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

10/02/2017

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 1-бөлігімен (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) айыпталған  Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың 1-қаңтарында  Б. қолдан жасалған «кастетті» өзімен бірге заңсыз алып жүрген.

Крининалист-маманның қорытындысына сай, Б.-дан алынған қолдан жасалған «кастет»  суық қару болып табылады.