Архив событий

31/01/2017

Техникалық тексеруден өтпеген көлік құралын басқарған

31/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат Н. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 9-бөлімімен (мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару)  кінәлі деп танылып, 11345 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді

31/01/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету» тақырыбында  семинар өткізілді. Семинарға соттың төрағасы Е.К.Қанапиев және судьялары қатысты. Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы  Гүлмира Қаутжанқызы Ізбасарова  баяндама оқыды.