Ақтөбе облыстық сотында жалпы отырыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының сотының төрағасы Мұратғали Әкетай судьялардың жалпы отырысын өткізіп, онда жас судьялардың бір жылдық кәсіби жұмыстарына қатысты сұрақтар талқыланды.

Жалпы отырыс барысында, М.Әкетай «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, судьялардың кәсіби сапасын арттыру мақсатында және Ұлт Жоспарын орындау аясында Сот жюриінің біліктілік комиссиясымен судьялар құрамының сапасын арттыру мақсатында республика судьяларының кәсіби қызметін бағалау бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.

Судья-тәлімгерлермен бағаланып отырған әр судьяның кәсіби білім деңгейіне баға беріліп, сол білімін сот төрелігін жүзеге асыру  кезінде пайдалану қабілеті, сонымен қатар  іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға беріліп, Сот жюриінің біліктілік комиссиясына жолдау үшін оларға  қатысты  аналитикалық анықтамалар мен басқа да құжаттар әзірленді.

Жалпы отырыс барысында Ойыл аудандық сотының судьясы А.Төремұратованың кәсіби біліктілігі ерекше аталды, өйткені ол судьялық қызметтегі өтілі   бір жылға дейінгі бола тұра алты ай бойы сот төрағасының міндетін атқарған, сонымен қатар, аталмыш уақыт аралығында қаралған істер бойынша өзгертілген немесе күші жойылған сот актілері болмаған.

Судьялардың жалпы отырысының қатысушыларымен қалалық сотының судьялары Г.Оралбай, С.Өтепбергенова, қалалық №2 сотының судьясы Е.Абдыхалықов, Қарғалы аудандық сотының судьясы А.Шарипбаев және Ойыл аудандық сотының судьясы А.Төремұратоваға оң қорытынды берілді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі