Ақтөбе облысының Жас судьялар кеңесі «Қазақстан Республикасының жаңа Судьялық әдеп кодексінің нормаларын талқылау»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының Жас судьялар кеңесінің ісшараларды өткізу бойынша сатылы жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе облысының Жас судьялар кеңесінің төрағасы Е.Құрмановтың ұйымдастыруымен, Ақтөбе қалалық сотының, Ақтөбе қаласының №2 және Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарының жас судьяларының қатысуымен «Қазақстан Республикасының жаңа Судьялық әдеп кодексінің нормаларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.        

Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Лошкарёв «Судьялардың этикалық мінез-құлықтарына қойылатын жаңа талаптар» тақырыбында баяндамамен бөлісіп, Қазақстан Республикасының судьялар корпусының кәсіби қызмет нормаларын ұстанудың және тұрмыстағы жүріс-тұрыс тәртібінің жаңа кезеңі болып табылатын аталмыш Кодекстің жаңашылдықтарына тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе,  жас судьялар кеңесі Қазақстан Республикасының Судьялық әдеп кодексінде көрсетілген судьялардың кәсіби және моральдық бейнесіне қойылатын талаптар мен судьялар тәртібінің бірыңғай этикалық стандарттарын одан әрі қатаң сақтау туралы ұсыныстар келтірілді.