Тараптар бітімгершілік келісімін жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» ЖШС- «Д» жеке кәсіпкерінен 381 158  (үш жүз сексен бір мың жүз елу сегіз) теңге  мөлшерінде қарызды және  52 852 (елу екі мың сегіз жүз елу екі) теңге мөлшерінде өсімақы өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сотпен 2015 жылдың 05 тамызында «А» ЖШС-мен «Д» жеке кәсіпкерінің арасында  қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару туралы келісімшарты жасалғаны анықталып, «А» ЖШС ай сайын қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарып тұруға міндеттелген, ал жеке кәсіпкер «Д» үш банктік күн ішінде көрсетілген қызмет үшін төлемақы төлеуге міндеттелген болатын, Алайда жеке кәсіпкер «Д»  өз міндеттерін орындаған жоқ.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылғы 13 наурыздағы ұйғарымымен тараптар арасында бітімгершілік келісімі жасалып, төмендегідей талаптар қойылды:

Жеке кәсіпкер «Д»  381 158  (үш жүз сексен бір мың жүз елу сегіз) теңге  мөлшерінде қарызды  2017 жылдың 13 сәуіріне дейін төлеуге міндеттелді, ал «А» ЖШС 52 852 (елу екі мың сегіз жүз елу екі) теңге мөлшерінде өсімақы өндіруден бас тартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі