Тараптар бітімгершілік келісім жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Б» ЖШС-нің «И» ЖШС-ін орындалған жұмыс актілеріне қол қоюға міндеттеу және сома өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арызға сәйкес «Б» ЖШС мен «И» ЖШС арасында бұрғылау мен жарылғыш жұмыстар жасау бойынша шарт жасалған. Шартқа сәйкес тапсырысшы тапсырады және төлейді, ал мердігер 2016 жылғы 26 ақпаннан 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін мерзімде 200 000 мкөлемінде бұрғылау-жарылғыш жұмыстарын жасауға міндеттенген. 2016 жылғы қараша – желтоқсанда 19 261,4 мкөлемінде 7 334 741, 12 теңгеге мердігермен жарылғыш жұмыстар жасалған және 1 752 400 теңге сомасына жарылғыш саңылауды бұрғылау бойынша қызмет көрсетілген. Алайда, тапсырысшымен орындалған жұмыс актісіне қол қою және шын мәнінде жасалынған жұмыс көлеміне төлем жасау бойынша шарттар орындалмаған.

Алдын-ала сот отырысы кезінде тараптардан келесі шарттар бойынша бітімгершілік келісімін бекіту туралы өтінішхат түсті:

Жауапкер «И» ЖШС талап қоюшыға 4 807 089 (төрт миллион сегіз жүз жеті мың сексен тоғыз) теңге көлеміндегі берешек сомасын төлегендіктен,  10 (он) жұмыс күні ішінде орындалған жұмыс актісіне қол қойып мөрмен бекітуге міндеттенеді.

Алдағы уақытта талап қоюшы мен жауапкер аталмыш азаматтық іс және бұрғылау мен жарылғыш жұмыстар жасау бойынша шарт бойынша бір-біріне қандай да бір наразылық пен талап қоймауға міндеттенеді.

Бітімгершілік келісім  уәкілетті тұлғалармен қол қойылған, заңға қайшы емес және үшінші тұлғалардың құқықтары, міндеттері мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндіктен, сот бітімгершілік келісімін бекітуді анықтады.

Сот ұйғарымымен 145 348 (жүз қырық бес мың үш жүз қырық сегіз) теңге көлеміндегі мемлекеттік баж қайтарылды, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі