Судьялар Судьялық әдеп кодексінің нормаларын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында аудандық сот судьялрының қатысуымен Судьялық әдеп кодексінің талаптарын талқылауға бағытталған семинар сабағы өткізілді. 

Семинар барысында өз сөзінде судья А.Е.Мусина Республика судьяларының VII съезінде 21.11.2016 жылы қабылданған Судьялық әдеп кодексінің ережелерін және Кодексте судьялар сот төрелегін жүзеге асыруға байланысты кез-келген әрекеттерді жүзеге асыру кезінде дұрыс емес мінез-құлық көрсетпестей, әдеп нормасын мүлтіксіз сақтауы қажет деп атап өтті.

Шараны қорытындылай келе, қатысушылар Кодекстің негізгі новеллаларын үйрену бойынша және судьялардың жоғары кәсіби және адамгершілік бет-бейнесін қамтамасыз ету, халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру үшін олардың маңыздылығы бойынша пікір алмасты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі