Сотты құрметтемегені үшін 3 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің 653-бабының 1-бөлімімен  (Сотты құрметтемеушілік)  азамат М.-ға қатысты  әкімшілік ісі қаралды.

Істің құжаттарына сай, 09 тамыз 2017 жылы сотқа «Ембі аудандық ауруханасы» МКК-нің жауапкер аз.М. қатысты маскүнемдіктен емдеуге наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі бойынша сотқа жауапкер ретінде шақыртылған Мұғалжар ауданы Саға ауылының тұрғыны аз.М. сот ғимаратына арақ ішкен мас күйінде келіп, сол арқылы сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.

Сот отырысында аз.М. әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, түсініктермен және де іс құжаттарындағы басқа да  материалдармен толықтай дәлелін тапты.

Сот қаулысымен аз.М.ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік шара қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі