Мұғалжар аудандық №2 соты

Отбасы медиация тәртібімен сақталды

22/05/2018

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында талап қоюшы И.-дің жауапкер С.-ке неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы И. жауапкер С.-мен 2006 жылы заңды некеге отырған. Осы некеден араларында екі баласы бар. Екеуінің мінездері жараспағандықтан, сотқа талап арызбен жүгінген.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынып, аталған келісімді бекітуді сұрады.

Ашық есік күні

22/05/2018

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні ай сайын және азаматтарды қабылдау күні апта сайын дүйсенбі күні сағат 09.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Төраға А.Муканов өткізілген «Ашық есік» күнінде 1 жеке тұлға Ембі қаласының тұрғыны азаматша Е. заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы сұрағымен келіп, қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме берілді.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

21/05/2018

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында азаматша К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен  (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, аз.-ша К. Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлды өндіру туралы қаулысын орындамай, жалтарған.

Сот отырысында құқық бұзушы аз.-ша К. өзінің кінәсін толық  мойындады.

Спирттік өнімдерін рәсімдеу құжаттарсыз өткізу

11/05/2018

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 282-бабы 3-бөлігі 7-тармағымен (Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу) азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында

05/05/2018

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні қарсаңыңда Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаевамен сот мамандары Ұлы Отан соғыс ардагері 1924 жылы дүниеге келген Артығали Өтеуұлы Даулетовпен кездесті.

Ардагеріміз 18 жасында соғыс майданына аттанған. 1942-1949 ж.ж. аралығында әскер қатарында болған. Соғыс майданында Берлинге дейін барған, Белоруссияда болған. 1944 жылы басынан жарақат алған. 1945 жылы Украинаны бендерлерден құтқарған. Қазір таңда ардагер Ембі қаласында үлкен қызымен тұрады.   

Тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылған

24/04/2018

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 2 бөлігі 1,2,3 тармақтарымен, 24 бабының 3 бөлігі, 188 бабының 2 бөлігі 1,2,3 тармақтарымен (ұрлық) азаматтар Н. мен Ж. қатысты қылмыстық ісі қаралды.

«Электронды сот төрелігі және сот кабинетінің мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/04/2018

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Электронды сот төрелігі және сот кабинетінің мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шара аудандық соттың төрағасы А.Муканов, судья Ж.Кунаева, адвокаттар, медиаторлар, ҮЕҰ өкілдері, кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева, кеңсе мамандарының қатысуымен  өтті.

«Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғырту жолы» тақырыбында семинар

16/04/2018

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғырту жолы» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға судьялар, адвокаттар, медиаторлар, ҮЕҰ өкілдері, кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева, кеңсе мамандары қатысты.

Оқушылармен кездесу

10/04/2018

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаева құқықтық сауаттылық айлығын өткізу аясында Ембі қалалық орта мектебінің №3 мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздарына дәріс оқыды.

Шара мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, олармен жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында судья АПК және ҚПК, Судья әдебі кодексіне, оңайлатылған іс жүргізу, сот қызметіне үміткерлерді іріктеу механизмі мен біліктілік талаптарының күшейтілуін атап өтті.

«Сотқа дейінгі татуласу мәселелері» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді

28/03/2018

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Сотқа дейінгі татуласу мәселелері» атты тақырыбында семинар  сабағы  өткізілді.

Аталған шара судья Ж.Кунаева, адвокаттар, медиаторлар, ҮЕҰ өкілдері, кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева, кеңсе мамандарының қатысуымен  өтті.

Судья Ж.Кунаева өз баяндамасында қазіргі таңда банктік қарыз шарттары бойынша туындайтын даулар санының өсуі соттарға жүктеме және жауапкершілік артып отырғанын атап өтіп, банктік дауларға қатысты татуластыру рәсімдерін қолданудың маңыздылығына тоқталды.

Беттер