Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында азаматша К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен  (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, аз.-ша К. Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлды өндіру туралы қаулысын орындамай, жалтарған.

Сот отырысында құқық бұзушы аз.-ша К. өзінің кінәсін толық  мойындады.

Сот қаулысымен К. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 2 (екі) тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі