Отбасы медиация тәртібімен сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында талап қоюшы И.-дің жауапкер С.-ке неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы И. жауапкер С.-мен 2006 жылы заңды некеге отырған. Осы некеден араларында екі баласы бар. Екеуінің мінездері жараспағандықтан, сотқа талап арызбен жүгінген.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынып, аталған келісімді бекітуді сұрады.

ҚР  АПК-нің 277 бабы 6 бөлігіне сай, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізу қысқартылады.

Талап қоюшы И-дің талап арызын беру кезінде төленген 722 теңге мемлекеттік баж істің медиация тәртібімен қысқартылуына орай, бюджеттен талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.           

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі