Сотта медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық соты қарыз сома өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Талап беруші аз.А жауапкер аз.Ж. -ға қарыз сома 100 000 теңге өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген, яғни жауапкер 2015 жылы қараша айында автокөлікті сатып алу туралы келіскен. Содан кейін оған 140 000 теңге кепілақша берген, ал қалған ақшаны 2016 жылы ақпан айында беретіні туралы келіскен.   Бірақ автокөлікке тыйым салған себебінен, сату-сатып алу шарт жасалғанмаған. Жауапкер оған 40 000 теңге қайтарып, ал қалған ақшаны осы күнге дейін қайтарғанмаған.

Іс қарау барысында сот тараптары –талап беруші мен жауапкер медиативтік келісімге келді,  медиативтік келісімді бекітуге және  сот өндірісін келесі шарттар бойынша қысқартуды сұраған, яғни талап беруші талаптан бас тартқан, ал  жауапкер  талапкерге 2017 жылдың 31 шілдесіне дейін 100 000 теңге төлеуді міндеттелді.

Сот медиативтік келісімді бекітіп, сот өндірісін қысқартылды.         

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі