Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1 бөлігімен (Сотты құрметтемеушілік) құқық бұзушы И.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы И., оны мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге жіберу туралы азаматтық іс бойынша жауапкер бола тұра,  сот отырысына алкогольді масаң күйде келіп, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбай, төрағалық етуші және сотқа қатысушылармен балағат сөздерді қолданумен керісіп, сотқа құрметтемеушілік білдірген.

Сот И.-ны Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танып, оған 5 тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі