Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуын одан әрі жүзеге асыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Талап арыздардың мемлекеттік тілде тапсырылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің өкілі  Д.Д.Дәулетбаев,  «Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер департаменті» ММ-нің өкілі Б.У.Есмақанов, «Ақтөбе облысының Жаңақоныс селолық округінің әкімінің аппараты» ММ-нің өкілі  А.Т.Ойнарова,  «Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау инспекциясы» ММ-нің өкілі Н.Аманкулов, сот төрағасы және судьялар қатысты.

Баяндамамен  сот судьясы М.К.Шарипова  қатысты.  Дөңгелек үстел барысында сот құжаттарын  мемлекеттік тілде жүргізіп, істерді қарау және құжаттарды дайындау кезінде туындайтын  қиындықтар жөнінде  талқыланды.

Дөңгелек үстелде аталған тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, оның маңыздылығы ме қажеттілігі аталпы өтті.

Подводя итоги председатель суда обратился представителям государственных органов и предложил увеличить количество подаваемых ими исковых заявлений на казахском языке.

Қорытындылай келе, сот төрағасы  мемлекеттік орагндарының өкілдеріне  олармен экономикалық сотына берілетін  талап арыздарды тиісінше мемлекеттік тілде тапсырылуын кеңейтуін ұсынып, қатысушыларға алғысын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі