Сот талап қоюшының құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Д» ЖШС «П» ЖШС-нің Қазақстандық филиалынан орындау актісін жарамды деп тану,  25 443 725   тенге мөлшерінде қарыз сомасын,  1 801 973  теңге мөлшерінде айыппұлды өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сотта «П» ЖШС-нің Қазақстандық филиалы мен қосалқы мердігері «Д» ЖШС-нің арасында   2012 жылы 25 қыркүйекте Ақтөбе облысының  Жаңажол селосында көмек жұмыстарын жүргізу жөнінде №Tj-002-D қосалқы мердігерлік шарты жасалғаны анықталды.

2013 жылдың 27  желтоқсанында  заңды тұлғалардың арасында жұмыс көлемін ұлғайту жөнінде №3 қосымша келісімшарт жасалған,  жұмыс көлемі теңге 53 487 656,32  теңгеге ұлғайтылған.

2014 жылдың 19 қыркүйегінде  2014 жылдың қыркүйек айында жасалған жұмыс бойынша тапсыру-қабылдау актісі жасалып, 26 704 787, 47 теңге мөлшерінде төлемақы төленген.

2015 жылдың 2 шілдесінде  орындау актісі бойынша (2,3 формадағы) қалған 26 782 868, 85 теңгеге шот-фактура шығарылды, алайда осы уақытқа дейін аталған сома бойынша төлемақы негізсіз жүргізілмеді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды, «П» ЖШС-нің Қазақстандық филиалынан  «Д» ЖШС-нің пайдасына  25 443 725 теңге қарыз сомасы, 1 400 000 тенге тұрақсыздық, 300 000 теңге сот шығындары, 805 312 тенге мөлшерінде баж салығы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі