Сот орындаушысының әрекеті заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында талап қоюшы К.-ның мемлекеттік сот орындаушыларының әрекетіне дау айту туралы  азаматтық   ісі қаралды.

Азамат К. Алға қаласында сату сатып- алу  келісім шарты негізінде азамат Ж.-дан жер телімін   сатып алып жұбайымен үй тұрғызып, жанұясымен тұрып жатқан үйін әділет басқармасына барып өз атына меншік құқын тіркеп алғысы келгенде, жылжымайтын мүлікке ауыртпалылығы салынып, мемлекеттік сот орындаушымен тиым салынып, мемлекет пайдасына   берілгенін естіп, сотқа сот орындаушыларының әрекетіне дау айтып, арызбен жүгінген. 

Сот азамат К.-нің талабын қанағаттандырып, мемлекеттік сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп танып, 16.11.2016 жылы жылжымайтын мүлікті, жер теліміне  тиым салынып, Алға қаласы Ленин көшесіндегі үйді мемлекет пайдасына өткізуді заңсыз деп тану туралы шешім қабылдады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі