Сот әкімшілік қадағалау орнатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мәртөк аудандық соты әкімшілік қадағалау орнату туралы Мәртөк аудандық соты үкімімен Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 178-бабының 2-бөлігімен сотталынған, бас бостандығынан айыру мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат С.-қа қатысты Мәртөк АІІБ бастығының ұсынысын қарады.

Қазакстан Республикасының Заңында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» 2-бабының «в» пунктіне сәйкес («Өздерiне әкiмшiлiк қадағалау орнатылатын адамдар»), әкiмшiлiк қадағалау, егер жазаны өтегеннен кейiн iшкi iстер органдарының ескертулерiне қарамастан қоғамдық тәртiптi және басқа азаматтардың құқықтарын үнемi бұзатын болса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған жазасын өтеген адамдарға орнатылады.

Сот қаулысымен азамат С-қа қатысты 6 ай мерзімге әкімшілік қадағалау орнатылды, сонымен қатар келесі шектеу тағайындалды: 22.00 сағаттан 07.00 сағатқа дейін тұрғын үйінен шығуға тыйым салу, Мәртөк АІІБ басшылықтын жазбаша рұқсатынсыз мекен-жай аумағынан шығуға тыйым салу, жаппай қыдыру және көңіл көтеру орындарында болуға тыйым салу, Мәртөк АІІБ тіркелу үшін келу міндеттеу.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі