Шалқар аудандық сотында салтанатты шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында сот жүйесінің ардагерлері, соттың бұрыңғы қызметкерлері Зауреш Нажикова мен Бибігүл Елеусенованың 60-жас мерей тойларына  орай салтанатты шара өткізілді.

Ақтөбе облысының соттар әкімшісінің басшысы Қ.А.Женәлімовтың құттықтау хаты табыс етілді.

Құттықтау сөзімен төраға міндетін атқарушы С.Дәріқұлова шығып, сот жүйесіндегі көп жылдар бойы еңбегін атап өтіп, ыстық тілектерін білдіріп, сот ұжымы атынан естелік сыйлықтар табыс етті.

Зауреш Нажикова мен Бибігүл Елеусенова Шалқар аудандық сотында 1975 жылдан бастап үздіксіз жұмыс жасаған.

Сот ардагерлері Ақтөбе облысының әкімшісі басшылығына, сот ұжымына көрсетілген   ілтипат үшін алғыстарын білдірді.           

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі