Рұқсат беру мерзiмiн бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат  А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, мемлекеттік мекеменің бас маманы А. Қазақстан Республикасы әлеуметтік даму және денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген медициналық қызметке лицензия беру туралы Стандарттың 4 тармағының талабын бұзып, «Қалалық №3 емхана» МКМ-не лицензияны мерзімінен 18 жұмыс күнін өткізіп берген, сөйтіп ол  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  465 бабының 1 бөлімінде (рұқсат беру мерзiмiн бұзу) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Азамат А. сот қаулысымен кінәлі деп танылып, ол  113450   теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі