Реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өзіне қатысты іс қозғалған азамат С-ның өтініші бойынша оған қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат С. 2017 жылдың 13 сәуірінде, шамамен 17 сағат 25 минутта, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі мен 101 атқыштар бригадасы көшесінің қиылысында,  «Renault» маркалы көлік құралын басқару барысында Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларының 5.10.2 тармағының талабын бұзып,  реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай жолдан өтіп, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабының 1-бөлімінде (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту)  көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған. 

Сот қаулысымен ол 15 883 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі