Партисипативтік келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында талаптарды және дауларды баламалы әдістермен шешу көзделген. Оның ішінде  партисипативтік келісім институтын қолдану.

Мәртөк аудандық сотында ар-намысын қорғау және моральдық зиян өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы аз.Р жауапкер аз.Ж.-ға әлеуметтік желідегі «Мәртөк жаңалықтары» сайтында оған қатысты мәліметтерді шынға сәйкес келмейді деп тану, оның ар-намысын қорлағаны үшін 200 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы талабымен жүгінді.

Сот отырысында тараптар дауды партисипативтік келісім  арқылы реттеу туралы арызымен жүгінді, яғни жауапкер талап қоюшының ар-намысын қорғау талаптарын мойындайды, моральдық зиянды өтеу үшін 1993 жылғы «Audi B4» маркалы автокөлікті берді, ал талапкер талаптан бас тартты.

Сот партисипативтік келісімді бекітіп, істі өндірістен қысқартты және 1061 теңге мемлекеттік баж сомасын талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі