Өзбекстан азаматтары заңсыз еңбек қызметімен айналысқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық соты Өзбекстан Республикасының 5 азаматтына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарады.

Көші-қон полициясының қызметкерлері Мәртөк ауданы бойынша жедел профилактикалық іс шарасы жүргізу барысында  Өзбекстан Республикасының 5 азаматты анықтаған, олар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы алмай отырып, Родниковка ауылында аурухананы салып, заңсыз еңбек қызметімен айналасқан.

Өздерінің іс-әрекетімен Өзбекстан азаматтары  шеделдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған.

Соттың қаулысымен құқықбұзушылар Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517 бабы 5 бөлімімен айыпты деп танылып, оларға жаза ретінде 1 тәулікке әкімшілік қамақ тағайындылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі