Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмағанның заңды өкілісіз жүруі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132- бабының 1-бөлігімен  азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, шамамен сағат  02.30-да  «PS-4»  компьютер клубының әкімшісі А.,  кәмелетке толмағандар 2000 жылы дүниеге келгендер  С. мен Б.-ны және 2001 жылы дүниеге келген  Ж.-ны түнгі уақытта(сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемесінде заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз жүруіне жол бергенін анықталды.

Сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматша  А. кінәсін толығымен мойындап, істеген әрекетіне шын жүректен өкініп, алдағы уақытта аталған құқықбұзушылыққа жол бермейтінін айтты.

Сот қаулысымен  құқық бұзушы А.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған  30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 68 070 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Сот жеңілдететін мән-жайды, атап айтқанда кінәлі адамның өкінуін басшылыққа алып, ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігін қолданып, тағайындалған айыппұлдың жалпы соммасын 30 пайызға  қысқартып, Б.-ға түпкілікті 47 649 тенге әкімшілік айыппұл салып, мемлекет пайдасына өндірді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі