Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында сот төрағасы Н.Б.Ормаханов әкесі деп тану және алимент өндіру дау бойынша туындаған сұрағымен  келген  азаматша М.-ны қабылдады. Қабылдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің талаптары бойынша түсіндірме  жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, сот төрағасы «Ашық есік күнінің» сот жүйесінің ашықтығымен жариялылығын, халыққа құқықтық көмек көрсету  және соттың имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілетіндігін атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі