Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Ашық есік күні

23/05/2018

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Соты ұжымы ардагерді құттықтады

05/05/2018

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 73 жылдық мерекесі қарсаныңда 24 сәуір 1924 жылы туған Ұлы Отан соғысының ардагері Жалмағамбетов Өтеш Төлегенұлын құттықтады.

Кездесу барсында соғыс ардагері Жеңістің оңайлықпен келмегендігін айтты.

Сот ұжымы ардагер атамызбен әңгімелесіп, жеңіс пен бейбіт өмір әкелген үшін рахметін айтып, сыйлықтарын тапсырды.

Соғыс ардагері сот ұжымына ақ батасын берді.

Кәмелетке толмаған балалардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін заңды өкілдердің жауаптылығы

16/04/2018

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435- бабымен  азаматша Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ювеналдық соттағы партисипативтік келісім

13/04/2018

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы әрі жауапкер А.-ның жауапкер әрі талап қоюшы  Т.-ға кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының АПК-нің 181-бабының 1-ші бөлігіне сай тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.

КӨКТЕМНІҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ

07/03/2018

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ұжымы, көктемнің шуақты бірінші мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады.

Сіздерді 8-наурыз мерекесімен  шын жүректен құттықтай отырып, жылдың әр күні Сіздің жақындарыңызбен жанұяңызға арайлап атқан күндер бақыт, сәттілік және күннің шуағымен гүлдің хош иісін сыйлап, жақсылық пен игілік әкелсін.

 

Алғыс айту күні қарсаңында Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы «Үміт» сәбилер үйінде болып қайтты

28/02/2018

Сот төрағасы Н.Б.Ормаханов өз ұжымымен бірге қамқорсыз қалған сәбилерді және «Үміт» сәбилер үйінің қызметкерлерін алғыс айту мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт тіледі.

Балалармен ән, би, ойындар, байқаулар, қойылымдар ұйымдастырылды. Жақсы көңіл-күймен қатар балалар сыйлықтар алды.

Өз кезегінде, «Үміт» сәби үйінің ұжымы қолдау көрсетіп, ықылас білдіргендері үшін алғыс айтты.

«Латын әліпбиі – заман талабы» тақырыбында семинар өткізілді

15/02/2018

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Латын әліпбиі – заман талабы» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға төраға Н.Б.Ормаханов, судья К.М.Муратов, кеңсе меңгерушісі Ж.К.Жубаева  және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында төраға Н.Б.Ормаханов латын әліпбиіне көшу басқа этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне, Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікте бейімделуіне барынша тиімді әсер ететін заман талабы екенін атап өтті.

Кәмелетке толмаған балалардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін заңды өкілдердің жауаптылығы

23/01/2018

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435- бабымен  азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Зайырлылық», «Ұлттық құндылық», «Рухани Жаңғыру» тақырыбына дөңгелек үстел

07/12/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныңұйымдастыруымен Ақтөбе автожол колледжіндеЗайырлылық», «Ұлттық құндылық», «Рухани Жаңғыру»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кәмелетке толмағанға темекі және темекі бұйымдарын сату

07/12/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 133- бабының 1-бөлігімен (Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекені және темекі бұймдарын сату) азаматша Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарға сай азаматша Г., Ақтөбе қаласында орналасқан  «А» дүкенінің сатушысы бола тұра, жасы он сегізге толмаған 2003 жылы дүниеге келген  Е.-ге екі штук «Парламент» маркалы темекісін сатқан.

Беттер