Неке сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотымен талапкер М.-ның жауапкер М.-ға заңды түрде тіркелген некені бұзу  туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында жауапкер М.-мен өзара түсініспеушіліктің болмауы салдарынан және некені сақтап қалу мүмкіншіліктің жоқтығына байланысты  некені бұзуды сұраған.                                                           

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, яғни талап қоюшы талап арызынан бас тартып, ал жауапкер

болашақта өз отбасын сақтап қалу үшін барлық күш-жігерін салатындығын, ортақ кәмелетке толмаған балдарын  ерікті түрде асырап-бағуды өз міндетіне алатындығын, іс  бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі