Мәртөк аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерін Наурыз мерекесімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Наурыз – бүкіл Шығыс халықтарына ортақ мереке. Қазақ халқы Наурызды ежелден құрметтеп, үлкен мән беріп тойлап келеді. Наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні күн мен түн теңелетінін қаншама ғасырлар бұрын ғылым мен техника қазіргідей дамымаған заманның өзінде есептей білген. Бұл күнді қазақ «Ұлыстың ұлы күні», «Жаңа жылдың басы» деп түсінген. Сондықтан да Наурыз мерекесіне ерекше мән беріліп, ол күні 7 түрлі дәмнен наурыз көже пісіріп, қариялар мен жасы үлкен ағайын-туыстарын, көршілерін шақырып, бір-бірінің үйіне қыдырып қонақ болды.

Наурыз  мейрамы қарсанында  Мәртөк аудандық сотының ұжымы  Мәртөк аудандық сотында 40 жыл 1954-1994 жылдар аралығында хатшы болып істеген Мария Никитична Киньконы Наурыз мерекесімен құттықтап, сыйлық сыйлады.

Өз кезегінде, ардагер шексіз алғыстарын жеткізіп, еселі еңбектеріне толағай табыс тіледі.

 

 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі