Медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық  сотында  талап қоюшы К. жауапкер У.-ға арадағы некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс қажаттарынан, тараптардың некеде 1994 жылдан бастап тұратындығы, арадағы түсіністіктің болмауына байланысты  бірге өмір сүре алмағандығы, және де әрі қарай отбасын сақтауға мүмкіндігі жоқ болғандықтан, талап қоюшы аталған талап қою арызымен сотқа жүгінгендігі анықталды.

Сот отырысында тараптар дауды медиативтік келісіммен шешіп, келесі жағдайларда келісімге келді: жауапкер аз.У. отбасын әрі қарай сақтау үшін барлық күш қуатын салады,    ал талап қоюшы өзінің талап арызынан бас тартады.

 Осыған байланысты аталған азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітіліп,  іс жүргізу тоқтатылып, сотпен төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі