Медиациялық келісімнің артықшылығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотымен   талап қоюшы С-ның жауапкер Ш-ға берген некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өзінің  арызында талап қоюшы С.  жауапкер Ш-мен 2009 жылдың 26 қаңтарынан бастап  заңды некеге тұратындарын, осы некеден кәмелетке толмаған екі балалары барын, өзара түсіністік болмау себебіне байланысты жауапкермен бірлесіп өмір сүру мүмкін еместігін келтіріп, араларындағы некені  бұзуды сұрап сотқа жүгінген.

Сот отырысында  тараптардан медиациялық келісім, яғни сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша арыз түсіп, арызда тараптар соттан аталған медиация тәртібімен татуласуда көрсетілген шарттарды бекітуін сұрап өтініш жасаған. Тараптар жасаған келісімге сай, жауапкер Ш. талапкер С-мен татуласып, сыйластық білдіріп, отбасын сақтап қалуға әрекеттер жасайды, ал талапкер С. келтірген талап қою арызынан бас тартады.

Тараптар  азаматтық істі  өндірістен қысқартуды сұрады.

Сот тараптармен келген медиация келісімді бекітіп,  азаматтық істі өндірістен қысқартты.  

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі