Медиация тәртібі қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында талап қоюшы С. жауапкер С. Араларындағы некені бұзу туралы азаматтық   іс қаралды.

Азаматша С. жауапкер С. араларындағы некені бұзуды сұраған, себебі  жауапкермен бірге тұрмайды араларында балалары жоқ, ортақ мүлікке қатысты дау жоқ, өз-ара түсініспеушіліктің болуы салдарын айтып сотқа арызбен жүгінген. 

Сот отырысында  тараптардың құқтары түсіндіріліп, кәсіпқой емес медиатордың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, талап қоюшы некеден ажырау туралы  талап арызынан бас тартып, ал жауапкер С. неке бұзу туралы арызбен тергеуші орын Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің АХАТ қызметіне арыз беріп, дау сол жерде шешілетінін   түсіндіріп, соттан келісімді бекітуді сұраған.

Сот тараптардың арасында жасасқан медиативтік келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі