Медиация талаптарды және дауларды шешудің баламалы әдістерінің бірі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шарасына сот төрағасы М.Дүйсен, судья Е.Нуршарыпов,  Мәртөк аудандық прокурордың аға көмекшісі А.Аскарова,  Мәртөк ауылы бойынша кәсіпқой емес медиаторлар Б.Казанбаев, И.Данияров, үкіметтік емес ұйымдар: ҚБ «Болашақ», «Жастар ресурстық орталығы» ҚБ өкілдері М.Қайролла және  А.Утаралина,  кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетова қатысты.

 Сот төрағасы М.Дүйсен  Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының төрағасымен 26.01.2017 жылы даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы бекітілгенін атап өтті. Пилоттық жобаның міндеттері мұнандай: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту; азаматтардың сот шығындарын барынша азайту; халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау. Медиация әдісі баланың мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы,  баланы басқа адамдардан тартып алу туралы, білім алушылардың білім жүйесінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру жүйесінің күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы); Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159 бабының 1-тармағымен міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары; мұрагерлік даулар; көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басқандығы туралы даулар; пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша даулар; некені бұзу және мүлікті бөлу туралы; қарыз келісім шарттары бойынша және сақтандыру даулары санаттары бойынша жүргізілу қажет.

Дөңгелек үстелге қатысушылар  туындаған сұрақтарды талқылап, өз пікірлерімен алмасты. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі