Медиация мақсаты-бітімгершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  «Медиация мақсаты-бітімгершілік» атты тақырыпта семинар өтті.

Аталған шараға  төраға м.а. Ж.Кунаева, Мұғалжар аудандық прокуратурасы, Ембі қалалық полиция бөлімінің  және  Жем станциясының желелік полиция бөлімінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында судья Ж.Кунаева медиация - институты қазақ халқына жат ұғым емес екендігін, керісінше, жақын екенін, біріншіден, дауды шешуде екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу болса, екіншіден, екі тарап арасындағы белгілі бір даулы мәселені сотқа дейін шешетінін жеткізіп, бұл ата-бабамыздың салтында, дәстүрінде болған  институтының жалғасы екенін атап өтті.

Шара соңында семинарға қатысушылар  өзара пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі