Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арыз қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында Мәртөк аудандық ОАА бас дәрігерінің азамат А.-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызы қаралды.

Мәртөк аудандық ОАА бас дәрігері Ақтөбе облысының маскүнемдік  емдеу ұйымына азамат А.-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызбен сотқа жүгінді.

Сот отырысында Мәртөк аудандық ОАА өкілі арызды қолдап, азамат А. Мәртөк аудандық ОАА наркологиялық кабинетінде маскүнемдіктен зардап шегетін есепте тұрғанын көрсетті. Осыған байланысты соңғысына маскүнемдіктен дәрігер наркологтан ем қабылдау туралы ұсынылған еді, алайда ол одан бас тартты, арақ ішуін қоймады.

Азамат А.-ның бірге тұратын әйелі азаматша А. оны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы өтініш берген. Сот отырысында азамат А., және бірге тұратын әйелі  бұрын ол спирт ішімдіктерін ішетіні және қазіргі таңда ем алатыны және 2 айдан спирт ішімдіктерді  пайдаланбайтыны туралы көрсетті. Сот Мәртөк аудандық ОАА бас дәрігерінің азамат А.-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызын қанағаттандырудан бас тартты. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі