Көршісін балағаттағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Е.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2017 жылғы 6 шілдесінде шамамен 17 сағат 00 минутта, Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылы қасындағы үйде, яғни қоғамдық орында араларындағы жанжал барысында көршісі А.-ны балағаттап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлімінде (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азаматша  Е. кінәлі деп  танылып, ол 15 883  теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі