Коммуналдық дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотымен талап қоюшы «К.» КМК-нің жауапкер Д.-дан бережақ өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс құжаттарында көрсетілгендей талап қоюшы «К.» КМК-сі сотқа талап қою арызын беріп, жауапкер Д.-дан 78 834 теңге коммуналдық қызмет көрсетуге байланысты бережағын, 6 016 теңге өсімін өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Белгіленген мерзім ішінде тараптар өзінің іс жүргізуінде жатқан судьяға өздерінің дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу жөніндегі  келісім жасау туралы өтініш білдіріп, оның нәтижесі бойынша тараптар келісім жасасып, оны бекітуді және істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Дауды реттеу туралы келісімнің шарты бойынша жауапкер Д. 73 834 теңге бережақты, 6 016 теңге өсімін және 120 теңге сот шығындарын 10.10.2017ж. дейін толығымен қайтаратын болып міндеттенген, ал талап қоюшы оған келісіп, талабынан бас тартқан.

Сонымен қатар, тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 48, 170, 179, 180, 278 баптарымен көзделген дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітудің және істі өндірістен тоқтатудың салдары түсіндірілген.

Сот ұйғарымымен талап қоюшы «К.» КМК-мен жауапкер Д. арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі