Көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра көлікті мас күйінде басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  608-бабының  6-бөлімімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) азамат А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Істің мәні бойынша, 07 мамыр  2017 жылы аз.А.  Ембі қаласы Желтоқсан көшесі бойында, алкогольдік ішімдік ішкен күйінде, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра,  “Урал-66”  маркалы мотоциклді басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы азамат А. өзінің кінәсін толық мойындаған.

Сот азамат А.-ға  ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының  6-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған 20 (жиырма) тәулікке қамауға алу  түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі